Талдықорғанда су арналары мен көшкін қаупі бар учаскелер тексерілді

283
Талдықорған қаласының әкімі  Ернат Бәзіл, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы және тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары қала аумағындағы су арналарын аралап өтті.

Жедел комиссия тобы Қаратал және Балықты өзенінің жалпы жағдайын көріп, су тасу қаупі бар аймақтарды жіті бақылауда үздіксіз ұстау керектігі айтылды.

Айтып өткен жөн, негізінен қала аумағындағы өзен арналары қалыпты жағдайда ағып жатқандығы және су тасу қаупі жоқ, — дейді мамандар.

Сонда да болса,  Балықты өзенінің кейбір учаскелерінде жағалау сызығын нығайту бойынша шаралар қабылданып, жедел топ күнделікті өзен жағалауын қатаң бақылауға алмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз