Жетісу облысының құтқарушылары Абай облысында су тасқынына қарсы күрес шараларына жәрдемдесіп жатыр. Онда Жетісу облысынан 6 бірлік техника, 4 бірлік жүзу құралы, 8 мотопомпа жөнелтіліп, 23 құтқарушы аттанған. Үш күннен бері жетісулық құтқарушылар көрші облыста тұрғындарды іздестіру және эвакуациялау жұмыстарын атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Жетісу облысының ТЖД мәліметтері