«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтуде

4313
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр. Бұл туралы өзге ақпараткөздері хабарлады.

Форум жұмысына Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның да ғалымдары мен музей мамандары қатысуда. Олар түркі халықтарының тарихы, мәдени және тілдік бірегейлігіне қатысты мәселелерді талқылап, ғылыми және мәдени әріптестікті дамытудың барлық салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар музей тәжірибесімен алмасу семинарлары ұйымдастырылып, ғылыми вебинарлар өтуде.

Форум аясында қазақ халқының түркі заманынан бүгінге дейінгі мұрасын, бірегей тәлімдік жүйесі мен ұлттық тәрбиесін дәріптейтін «Тәрбие басы – тал бесік» этнографиялық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған жәдігерлер қазақ халқының бала өмірге келген сәттен бастап, оның рухани және физикалық дамуына ерекше ден қойғанын көрсетеді. Экспонаттардың ең көнесі – құба талдан иіліп, шеге қолданбай жасалған тал бесік.   Бұл көрме 15 сәуірге дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз