Бір шаңырақ астында

249

Осыдан 80 жыл бұрын шешен-ингуш  ұлт өкілдерін  Қазақстанға депортация жасады. Бұл оқиға қос елдің тарихында өшпес із қалдырды. Статистика бойынша Солтүстік Кавказдан келгендердің саны 500 мыңдай болған. Күштеп қоныс аударылған халықтың әрбір төртіншісі көш кезінде және қоныстанудың алғашқы жылдарында өмірден өтті. Осынау қиын-қыстау кезеңде қазақ халқы барлығын сабырлықпен қабылдап, нанын ұсынды, баспанамен қамтамасыз етті. Бұл жөнінде аталмыш ұлт өкілдері «Сүйектен өтетін суық пен боранды далаларда қазақтар өзі қысылып-қымтырылып отырса да, көптеген ұлт өкілдерін тамақтандырып, жылытып, вайнахтардың жартысын өлімнен құтқарды» деп еске алады.

Достық үйі ғимаратында «Шешендер мен ингуштардың Қазақстанда тұрғанына 80 жыл. Отан табу» атты дөңгелек үстел өтті.  Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенділері және Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлері қатысты. Жиын барысында жетекші журналистер және сарапшылар клубының төрағасы  Атсалим Идигов, Островский атындағы мектеп директорының орынбасары Ахмед Мучураев, саяси ғылымдар кандидаты Тимур Биғожанов,
«Нахичевань» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы ҚБ төрағасы Фахреддин Магеррамов елде тұрып жатқан этностардың этникалық және  мәдени өзара әрекеттестігінің тарихы, депортация кезіндегі тәркілеу үдерісі жөнінде баяндады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз