Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі — мамандық таңдау. М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп- лицейінде “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан” атты іс-шара “Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат” бағдарламасы аясында өткізілді. Бұл шара- мамандық таңдау кезеңінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету мақсатын көздейді.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М. Қожабеков, әдістеме бөлімінің меңгерушісі Г. Каримова, әжелер алқасының төрайымы Н. Шаңғожанова, білім орталығының орынбасары Н. Сағатбекова, комиссия мүшесі Қ. Исмаилов пен Д.Сейітқұлова және тағы да басқа ардагерлер қатысты.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай, мамандық өмір сүру көзі болып табылатыны және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап етеді, еңбек қызметінің маңызды бөлігі екендігі жайлы айтылды. Шара барысында ананың баласына айтқан жүрекжарды тілегі көрермендер жүрегінен орын алды. Бастауыш сынып оқушылары өскенде қандай мамандық иесі болатындықтарын өлең жолдарымен нақышына келтіре оқыды.
Сондай-ақ, қаламыздың Құрметті азаматы атанған, халқына аянбай қызмет еткен біртуар азамат Бейсен Құранбектің де есімі аталып, оның мамандық жайлы ой-пікірлері ұсынылды.
Оқушылардың өз болашағын бағдарлап, мамандық таңдаудағы жауапкершілігі жайлы, басқан қадамдарынан жаңылмай, дұрыс шешім қабылдау керектігі турасында ата-әжелер кеңес берді.
Гүлжан Мұхтарқызы,
М.Ломоносов атындағы №5 мектеп -лицейдің оқушысы