Мақсат- бизнеске қолайлы жағдай жасау

1247

Кәсіпкерлер палатасының басты қызметінің бірі  – бизнестің құқығы мен оның мүддесін жан-жақты қорғау.  Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік қызмет саласындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар заңнаманың нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Прокуратура, төтенше жағдайлар департаменті, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қызметкерлері бизнес өкілдерінің көкейіндегі  сұрақтарына жауап берді.   Кездесу офлайн және онлайн форматта өтті, сондықтан Жетісу облысының барлық аудандарының кәсіпкерлері де өздерін  мазалаған мәселелерді  көтеруге мүмкіндік алды.

«Осындай түсіндірме кездесулер аясында біз кәсіпкерлермен жанды қарым-қатынас орнату арқылы оларда қандай сұрақтары бар екенін көреміз. Бүгінгі таңда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруді тіркеу тәртібін қарастыратын ережелерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Біз кәсіпкерлерге заңнамаға енгізілген барлық өзгерістерді, сондай-ақ, олардың құқықтарын қорғай алатындай болғанын қалар едік», — деп  атап өтті Жетісу облысы бойынша ҚРБП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасы басшысының орынбасары Алиса Самойленко.

«Біз осындай кездесулерді тұрақты негізде, сондай-ақ, кәсіпкерлерден шағымдардың түсуіне қарай өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгін бизнес-қоғамдастықтар заңнаманың нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты толғандыратын мәселелер бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік алды. Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтық өрісте қарулануы үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі», — деп Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев түйіндеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз