Жетісу облысында 500-ге жуық пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

327

 Осы жылдың аяқталуына  да санаулы күндер қалды.  Жаңа жыл  есігімізді қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай отшашуларды алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті Жетісу облысында 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өңір аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдармен, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз стихиялық сауда фактілерінің жолын кесу атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жетісу облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов пен әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Юрий Пак мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша 200-ден астам рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін 29 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 432 данадан астам пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, әр адамға 25 АЕК мөлшерінде, яғни 86 250 теңге айыппұл салынды», — дейді Диас Айнақұлов.
Қуанышқа орай өңір тұрғындары арасында әзірге пиротехникалық бұйымдардан дене жарақатын алған дерек тіркелмеді. Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор баяндама соңында жетісулықтардан сертификатталмаған өнімдерді сатып алмауын және пиротехниканы пайдалану кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз