«Алакөл» және «Нұр жолы» кеден бекеттеріндегі пилоттық жоба сынақтан сәтті өтті

385

Мемлекет  басшысының  тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «CarGoRuqsat» және «CarGoAlem» ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне еркін экономикалық аймақта болуды алдын ала жоспарлауға, кіру және шығу күндерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Соның арқасында олардың бақылау-өткізу пункттерінде өткізу уақыты айтарлықтай қысқарды. Жүйеде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен 15-ке жуық интеграция бар, бұл кезекпен жасанды манипуляцияларды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністерін болдырмауға мүмкіндік береді. Жүйеде тіркеу электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тіркеушінің сайты немесе мобильді қосымша арқылы, содан кейін пайдаланушы келісіміне қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік әкімшілендіру басқармасының интеграцияланған бақылау және кедендік инфрақұрылым бөлімінің басшысы Азамат Алдабергенов айтып берді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қытай Халық Республикасының отандық тасымалдаушыларға «С» түріндегі шетелдік рұқсаттарды  беру процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрлігі,  Индустрия және  инфрақұрылымдық  даму  министрлігі  арасындағы  бірлескен бұйрықты іске  асыру  мақсатында «Нұр Жолы» және «Алакөл» кеден бекеттерінде «С» түрінің бланкілерін беру үшін «CarGoAlem» электрондық сервисі іске қосылды. «С» түріндегі рұқсат бланкісін  алу  үшін «CarGoAlem» жүйесінде  өтініш  беру  және «CarGoRuqsat» жүйесінде қолданыстағы броньдың болуы көзделген. «CarGoAlem» қызметіне  өтініш  берген  кезде  алушыға кілттің ЭЦҚ  арқылы тіркеу кезеңдерінен өту және талап етілетін мәліметтерді кезең-кезеңімен толтыру және кейін қызметті берушіге қарауға жіберу қажет. Өтініш жүйеде өңделгеннен кейін қызмет алушыға қажетті бажды төлеу үшін хабарлама жіберіледі. Төлем нәтижелері бойынша рұқсат бланкі көлік құралы өткізу пунктіне келген соң беріледі», — деп қорытындылады Азамат Алдабергенов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз