Жетісуда архившілерге құрмет көрсетілді

193

Салтанат сарайында  Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен  «Архившілер күні» аталып өтті. Архив саласында кәсіби мерекенің белгіленуі архивист мамандарының мерейін өсіре түсуде. Салтанатты шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев қатысып, мерейлі күнге орай жиналғандарды құттықтады.

Осы жиында  «Архив саласының үздігі»  төсбелгісімен  Б. Нүсупова, Қ Стамғазинова марапатталды.  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары  архив қызметкеріне табысталды.

Сондай-ақ, бір топ қызметкерлер Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының марапатын иеленіп, қуанышқа бөленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз