Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

364

2023 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 348,5 млрд. теңгеге 12 735 лот қамтылды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2131 хабарлама жіберілді.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Сонымен қатар, уәкілетті орган лауазымды адамдардың бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін қарады және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген жалпы сомасы 1086,8 мың теңгеге 58 хаттама жасалды.

Бұл ретте, ӘҚБтК ҚР 207-бабы 2-тармағына сәйкес «Лауазымды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, тексерілетін тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды».

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабы 2-тармағына сәйкес, 3 мыңнан астам лауазымды тұлға 489 162,1 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз