Қазақ тілі – ең бай әрі терең тіл. Біздің мақсат – орыс сыныптарында оқитын оқушылардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлетіп, сөздік қорын дамыту.
Дана халқымыз «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп текке айтпаған. Әсіресе, қазіргідей нарық заманында біррнеше тіл білу артық етпейді. Тіл үйренуде сөздік қорды дамытпай ешқандай жетістікке жете алмайтынымыз анық. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті – сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны ауызекі сөйлеу тілінде, жазба тілде дұрыс қолдану. Сөздікқордың бай болуы – маңыздымәселе. Сөздік қорды дамытудың тәжірибеде қолданып жүрген түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігіне тоқталғанды жөн санадым. Олай болса, өзім сабақта қолданатын бірнеше әдіс-тәсілді кеңінен түсіндірейін.
Түсіндіруәдісі – жаңас өз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талғамда болғаны жақсы.
Тірек сызбалар әдісі – түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.
Оқушыларым жаңа сөздерді тез әрі есте қаларлықтай жаттауы үшін сабақ арасында ойын элементтерін көп қолдануға барынша тырысамын. Ойын элементтері арқылы дамыту оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Тәжірибемде «Домино», «Кім жылдам?», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Жұмбақ айтысы», «Мақал сайысы», «Сөзжұмбақтар», «Қызықты грамматика», «Лото», «Брейнг-ринг», «XXI ғасыр» сынды ойын түрлерін көп қолданамын. Дегенмен, мемлекеттік тілді үйрету басты мақсат болғандықтан, этнопедагогикалық ұстаным болу керек. Ендеше, ойындарды ұйымдастыруда ұлттық мәдениетті насихаттайтын ойындарды таңдаған жөн деп ойлаймыз. Сонда бала қазақ тілін де қазақ ойынын да жақсы меңгеріп шығады. Сабақ барысында топтастыру не ассосация, кластер, кубизм, Венн диаграммасы, Сейнквейн сияқты әдістерді қолданғанымда жақсы нәтиже беретініне тәжірибе басында көз жеткізудемін. Аталған әдіс-тәсілдерді сабақта қолданғанымда оқушыларымның қазақ тіліне деген құрметінің артқаны мені шексіз бақытқа бөлейді.
Ақжан АБИТАЛИЕВА, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі