Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!

424

Ақпан айының 9 күні Хан тәңірінің мұзбалағы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, 10-шы ақпан дауылпаз ақын Есенқұл Жақыпбековтың туған күні. Осыған байланысты  Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!» атты  әдеби-танымдық кеш өтті. Қаладағы Тіл сарайының ғимаратында өткен еске алу шарасы алдымен жастар саябағындағы Мақатаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Оған өңірдегі зиялы қауым өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары және тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шараның басты мақсаты – Мұқағали және Есенқұл шығармаларын кеңінен насихаттау арқылы ұлт құндылықтарын ұлықтап,  мемлекеттік тілдің  мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету. Кеш жүргізушісі аталған орталықтың басшысы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерi Жеңіс Жолдыбаев.

Кеш барысында Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншілері Б.Мұсаев, Қ.Шаяхметова шырқауында қос ақынның сөзінде жазылған әндер орындалып, жастар отты жырларын оқыды. Осыдан соң  «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы Мұқағали жырлары туралы өзінің терең тебіреністерін толғаса, белгілі журналист Жұмахмет Жанахметұлы мен Б. Римова атындағы драма театрының дарынды актрисасы Жаңыл Мерсимова Есенқұл ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз