Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Оразбаев Марат Рахымбайұлы

2

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясы Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 18 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ОРАЗБАЕВ МАРАТ РАХЫМБАЙҰЛЫ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

    Біздің округтің басты байлығы — өз еңбегімен, жақындарына деген қамқорлығымен және туған өлкенің өміріне атсалысуымен оның дамуына үлес қосып жүрген тұрғындар.

       Әрбір отбасы үшін жақсы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, еңбек ету және балаларын қолайлы жағдайда тәрбиелеу мүмкіндігі маңызды. Бұл мәселелерді шешу жүйелі жұмысты және тұрғындар мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын талап етеді.

       Көп істің уақыт пен бірлескен күш-жігерді қажет ететінін түсінемін. Өз міндетімді сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдау, мүдделеріңізді білдіру және депутаттық өкілеттіктер аясында ортақ мәселелерді шешуге ықпал ету деп білемін. Жұмыс барысын ашық талқылап, қабылданған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау маңызды.

       Өзара құрмет, ашық диалог және әрбір тұрғынның қатысуы округімізді өмір сүруге одан әрі қолайлы етуге көмектесетініне сенімдімін!

 МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

      Әрбір тұрғынға құрметпен қарау, әділдік және өз сөзім мен ісіме жауапкершілік. Қарым-қатынасқа ашықтық және сындарлы ынтымақтастыққа дайындық.

      Мен үшін адамдардың пікірін тыңдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарына мұқият қарау маңызды. Өз міндетімді тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты қолдау, шешімдерді бірлесіп іздеу және жұмыс нәтижелері туралы ашық ақпарат беру деп білемін.

 Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Оразбаев Марат Рахымбайұлы, 1984 жылы Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Көктал тұрғын алабында дүниеге келдім. 2005 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын (ҚазГАСА) үздік бітіріп, техника және технология бакалавры дәрежесін алдым. 2008 жылы У. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.

      Еңбек жолымды 2005 жылы Атырау қаласында бастадым. Қазақстанның ірі өнеркәсіп нысандарының, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру аясындағы «Болашақ» зауытының және алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысына қатыстым. «Монтажспецстрой» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, BAZIS-А компаниясы және «MirusGroup» ЖШС сияқты құрылыс және жобалау ұйымдарында жұмыс істедім. Инженер, геодезиялық жұмыстар бөлімінің басшысы, техникалық қадағалау департаментінің бас менеджері және нысан директоры қызметтерін атқардым.

      Кәсіби қызметіммен қатар қоғамдық жұмыспен айналысамын, тұрғындармен үнемі пікірлесіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаймын. Бұл тәжірибе маған ашық диалогтың, өзара құрметтің және шешімдерді бірлесіп іздеудің маңызын көрсетті. Өз рөлімді тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту деп білемін: адамдардың ұсыныстарын жеткізу, олардың қаралуына ықпал ету және қабылданған шешімдерді түсіндіру. Сындарлы ынтымақтастық тұрғындардың қажеттіліктерін жақсырақ түсініп, қаланың даму мәселелерін жүйелі шешуге көмектесетініне сенімдімін. Бірлескен күш-жігер арқылы өмір сүруге, жұмыс істеуге және бала тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасауға болады.

      Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар округті дамыту, еңбек адамдарына құрмет көрсету, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және туған өлкеге ұқыпты қарау тұр.

      Өз жұмысымда тұрғындардың ұсыныстары мен қаланың даму басымдықтарын басшылыққа аламын. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қажетті жобалардың қалалық жоспарлар мен бюджетке енгізілуіне ықпал етіп, олардың іске асырылу барысын қадағалаймын және нәтижелері туралы тұрғындарды тұрақты хабардар етіп отырамын.

      Депутаттық жұмыстың басты нәтижесі — адамдардың күнделікті мәселелерін шешу және тұрмыс жағдайын жақсарту деп санаймын.

Құрметпен, Оразбаев Марат

            2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

2027 жылы Көктал тұрғын алабындағы Амангелді, Шевченко, Уәлиханов, Жандосов, Арша және Байсейітов көшелерінің жөндеуді қажет ететін бөліктерін жөндеу мәселесін ілгерілету. Қоғамдық көлік қозғалысын жақсартуға және жолдарды сапалы күтіп ұстауға ықпал ету.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Тозған инженерлік желілерді жөндеу мәселелерінің шешілуіне қол жеткізу.

  1. ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ

Көктал тұрғын алабында 900 орындық жаңа мектептің құрылысын бақылауда ұстау. Қажетті рәсімдерден өтуге және құрылыс жұмыстарының уақтылы басталуына ықпал ету. Жобаның одан әрі іске асырылуы және қолданыстағы №11 мектепке түсетін жүктеменің азаюы үшін мәселені бақылауда ұстау.

  1. ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІ

Округіміздің тұрғындарына арналған ортақ спорт кешеніне жер учаскесін бөлу және оны кейіннен салу мәселесін ілгерілету. Балалардың, жастар мен ересектердің дене шынықтыру және спортпен айналысуына қолжетімді жағдай жасауға ықпал ету.

  1. СУАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Суаруды қамтамасыз ету үшін Балықты өзенінде бөгет салу туралы ұсыныстың қаралуына қол жеткізу. Өзеннің сулылығын сақтауға және суды ұтымды пайдалануға көңіл бөлу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Өз медициналық мекемесі жоқ Көктал тұрғын алабында дәрігерлік амбулатория салу мәселесін ілгерілету. Тұрғындар алғашқы медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуы үшін жер учаскесін бөлу, жобаны дайындау және құрылысты қаржыландыру мәселелерін шешуге ықпал ету.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Көктал тұрғын алабындағы мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім сапасын арттыруға ықпал ету. Балаларымыз — туған өлкенің болашағы. Олардың қабілеттерін ашып, келешекте округтің дамуына үлес қосуы үшін жағдай жасау маңызды.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді уақтылы алуына ықпал ету.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мәселесін ілгерілету. Округ мекемелерін цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында көшелерді абаттандыруға, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға, көгалдандыруға және қолайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

 

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз — нәтижеге деген жауапкершілік!

Әрбір шешім — туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Оразбаев Марат Рахымбайұлы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз