«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 24%-дан 27,5%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. Бұл қадамдар облыстағы экологиялық ахуалды реттеуге және тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру үшін жасалмақ. Дәл осындай тұщымды ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әнел Кәпекова, Диас Инкибаев және Нұрсан Сейітұлы облыстың балалар ауруханасында өткен ақхалаттылармен кез-десуде сөз етті.
Жиында партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы облыстың әлеуетін көтеретін нақты жоспарлар сараланды. Әуелі Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі міндеттерді тілге тиек еткен Әнел Кәпекова бағдарламадағы денсаулық сақтау саласына қатысты басымдықтарға тоқталды. Айтуынша, «Әділет» партиясы медициналық мамандарды, әсіресе ауылдық елді мекендерге тартып, оларды жұмыс орнында тұрақтандыру және үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін дамыту арқылы 2031 жылға қарай дәрігерлер тапшылығын 97-ден 70-ке дейін қысқартады.
– Онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтер мен профилактикалық тексерулерді тұрақты өткізіп, 2031 жылға қарай халықты осы зерттеулермен қамту деңгейін кемінде 90%-ға жеткіземіз. Халық арасында салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі мәдениетін қалыптастыру арқылы инфекциялық емес аурулардың алдын алуды күшейтіп, осы іс-шаралармен қамту деңгейін кемінде 80%-ға жеткіземіз, — деді кандидат.
Мұнан соң мінберге көтерілген Нұрсан Сейітұлының айтуынша, саяси ұйым өңірде медициналық қызметтерді цифрландырып, телемедициналық технологияларды қолдану аясын кеңейтпек.
– 2031 жылға қарай медициналық қызметтерді цифрландыру және телемедициналық технологияларды қолдану деңгейін 50%-ға дейін арттырамыз. Орфандық аурулары бар пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қомақты қаражат бөлінеді, халықты вакцинациялауға және вакциналардың қажетті қорын қалыптастыруға жұмыс істейміз, — деді кандидат.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде ақхалаттылар өз ойын жеткізіп, сұрақтар жолдап, тұщымды бағдарламасы бар партияны саяси науқанда қолдайтынын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.



























