«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде мүгедектігі бар ересектер мен балаларға арналған 150 орындық оңалту орталығын ашып, оны қажетті материалдық-техникалық базамен және білікті кадрлармен қамтамасыз етпек. Дәл осындай ақжолтай хабарды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Диас Инкибаев, Сәуле Құсмолданова облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерімен кездесуде сүйіншіледі.
Спикерлердің жаңалығы мұнымен аяқталмады. Кандидаттар «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы әрбір басымдықты таразылады.
Алғаш мінберге көтерілген Сәуле Құсмолданова халықтың саулығы мемлекеттің басты байлығы екенін тілге тиек етіп, партия өңірде тұрғындардың саулығын қалыптастыруда ауқымды жоспары барын жеткізді.
– Медицина адамға дер кезінде, алдын алу, ауруларды ерте анықтау және қашықтыққа қарамастан қолжетімді көмек арқылы жетуі тиіс. 2031 жылға қарай халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75,7 жастан 77 жасқа және одан жоғары деңгейге жеткіземіз, — деді спикер.
Ал, Диас Инкибаевтың айтуынша, адам денсаулығының мықты болмағы қоршаған ортаға байланысты. Сондықтан партия өңірде жасыл желек отырғызуды мықтап қолға алмақ.
– Жасыл желектерді жүйелі түрде жыл сайын отырғызу арқылы облыс елді мекендерін көгалдандыруды кеңейтеміз. Жыл сайын кемінде 75,1 мың көшет отырғызып, 2027–2031 жылдары отырғызылған көшеттердің жалпы санын кемінде 375,5 мыңға жеткіземіз, — деді кандидат.
Кездесу барысында орталық қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Алдағы саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.



























