Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дауренбаев Есет Женисович

2

№17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша  Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дауренбаев Есет Женисович

ӨМІРБАЯН

Мен, Дауренбаев Есет Жеңісұлы 1971 жылы 26 ақпан күні Талдықорған облысы, Киров ауданы, Қабылиса жырау ауылында дүниеге келдім.

Білімім: Жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 1993 жыл, Алматы құрылыс техникумы, Талдықорған бейнелеу және халық қолөнері училищесі.

Мамандығым: Педагог-психолог, педколледж оқытушысы, техник құрылысшы, технолог суретші-көркемдеуші.

Еңбек жолым:

1993-1996 жж. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика институтының оқытушысы, бас суретшісі;

1996-1998 жж. Талдықорған облыстық мәдениет басқармасы облыстық Халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру орталығының ғылыми әдістеме бөлімінің меңгерушісі;

1998-1999 жж. Талдықорған қаласы әкімінің аппараты, Жастар ісі туризм және спорт комитетінің жетекші маманы;

1999-2002 жж. Алматы облысы Талдықорған медицина колледжінің психология пәні оқытушысы;

2002-2008 жж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бас суретшісі;

2008-2010 жж. Алматы облыстық мәдениет басқармасы. Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының бас суретші-дизайнері;

 

2010-2017жж. Алматы облыстық мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының директоры;

2018-2019 жж. «Алматы облысы білім басқармасы» ММ-нің облыстық дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығы көркем және эстетикалық шығармашылықты дамыту бөлімінің жетекшісі;

2019-ж. қазан айы  Алматы облысы Талдықорған қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы «Мерзімді әскери қызметке, әскерге шақыру жөніндегі инспекторы;

2019ж. Басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі;

2022ж. Жетісу облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті психологі;

2024ж. Жетісу облысы Талдықорған қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық жұмыстар және әскери қызметті насихаттау жөніндегі инспекторы;

2025-2026 жж. «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Балалар көркемсурет мектебі» ЮНЕСКО клубы тәрбие ісінің меңгерушісі.

2026 ж. Бүгінгі күнге дейін «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Көксу политехникалық колледжі» МКҚК директорының   оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары.

Жетістіктерім: Жетісу облысы өңірлік гербінің (төл таңбасы)  авторы, «Талдықорған қаласының Құрметті Азаматы»,  Қазақстан Республикасының мәдениет саласының Үздігі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Жетісу облысы әкімінің «Айтұмар» сыйлығының иегері. Қазақстан Архитекторлар, Қазақстан Журналистер, Қазақстан Дизайнерлер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Көркем академиясының корреспондент мүшесі, тарихи-мәдени ескерткіштер жөніндегі академияның вице-президенті, сондай-ақ тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау жөніндегі ICOMOS халықаралық ұйымының Қазақстандағы Ұлттық комитетінің мүшесі.

 

 

«БҮГІНГІ АУЫЛ – ЕРТЕҢІМІЗ, ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІРЛІГІМІЗ!» тақырыбындағы ЖЕКЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Құрметті жерлестер!

 

Мен, Дауренбаев Есет Жеңісұлы, туған ауылымыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды басты мақсатым деп санаймын.

Ауылдың әрбір мәселесі – ортақ мәселе. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы маңызды.

Менің мақсатым – халықпен бірге жұмыс істеп, ауылымыздың өзекті мәселелерін шешуге атсалысу.

 

Біздің басты басымдықтарымыз

 

  1. Көшелер мен тұрғын үй жағдайы

Еркін ауылының барлық көшелеріндегі жолдардың жағдайын жақсарту.

Жарықтандыру мәселесін кезең-кезеңімен шешу.

Жаңбыр және қар суы жиналатын жерлерді реттеу.

Қоқыс шығару және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелеу.

Жаңа тұрғын үй аумақтарының инфрақұрылымын дамыту.

  1. Балалар мен жастарға жағдай жасау

Балалар ойын алаңдарын көбейту.

Спорт алаңдарын салу және жөндеу.

Жастардың спорттық және мәдени шараларға қатысуына қолдау көрсету.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтеру.

  1. Білім мен тәрбие

Еркін ауылындағы мектептердің жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлу.

Оқушылардың қауіпсіздігіне назар аудару.

Мектептен тыс үйірмелер мен қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.

Ұстаздар мен ардагерлерге құрмет көрсету.

  1. Әлеуметтік мәселелер

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау.

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелерін назарда ұстау.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпарат беру.

Медициналық қызмет сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

  1. Экология және тазалық

Ауыл аумағын көгалдандыру.

Ағаш отырғызу және жасыл желекті күтіп-баптау.

Заңсыз қоқыс орындарын жою мәселесін көтеру.

Тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша қоғамдық бастамаларды қолдау.

  1. Халықпен тұрақты байланыс

Әр көшенің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.

Тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарын қарау.

Әр мәселенің шешілу барысын бақылау.

Атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру.

Менің басты ұстанымым

Халықтың үні – басты назарда, ауылдың дамуы – ортақ міндет!

Мен құр уәде беруді емес, нақты мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді маңызды санаймын. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, ауылдың болашағы бірлесе қалыптасуы керек.

 

Еркін ауылы көркейсе – ел көркейеді!

Құрметпен,

Дауренбаев Есет Жеңісұлы

 

Тапсырыс беруші: Дауренбаев Есет Женисович  №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз