Өрт қауіпсіздігі басты назарда

16

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов және Алакөл аудандары бойынша шекара басқармаларында өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында кешенді іс-шаралар өткізілді.

Әскери нысандардағы электр және жылыту жүйелері тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілді. Жеке құраммен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, эвакуация және өрт кезіндегі іс-қимыл бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жеке құрамды, әскери техниканы және материалдық мүлікті қауіпсіз жерге шығару бойынша күтпеген эвакуациялық жаттығулар өткізілді.

Іс-шаралар Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының тыл жөніндегі орынбасары майор Мадияр Бапанов пен Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының тыл жөніндегі орынбасары майор Жеңіс Бүксікбаевтың жетекшілігімен өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз