Маржан Сагинова, еңбек ардагері:

-Бейбіт шерудің соңы жаппай тәртіпсіздікке, арандатушылыққа ұласып кеткені өкінішті. Ел тыныштығы күзетіндегі азаматтар қаза болды.  Ғимараттар қирап, бизнес өкілдері зардап шекті. Күні кеше жалпыұлттық аза тұту күні аталып өтті. Бұл шара елімізде 11-ші рет өткендігі де белгілі болды. Мұндай қиын күндерді ұрпақтарымыз көрмесін. Ауызбірлігімізді сақтап, бейбіт өмір сүрейік.

Мемлекет басшысы еліміздің тәуелсіздігін нығайту мақсатында тапсырмаларды жүктеп отыр. Ел болып жұдырықтай бірігіп, қалыпты өмірімізді қалпына келтірсін дегім келеді. Аспанымыз ашық, ел бірлігі мықты болсын! Еліміздің іргесі берік болып, жаңаша өркендей берсін деп тілейміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK