ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының офицерлері аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларына әскери мамандықтар бойынша кәсіби бағдар берді.
Кездесуде ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Ресей және Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, талаптар, іріктеу кезеңдері, оқу және қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























