Біріккен еңбектің жемісі

10

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Шолақ» шекара бөлімшесінде әкімшілік ғимараттың төбесін жабу жұмыстары жүргізілді.

Жұмысты бөлімше старшинасы, кіші сержант Ерболсын Ермұхан ұйымдастырып, мерзімді әскери қызметшілер Бексұлтан Антай, Данияр Ергембай және Шерәлі Мұраділов атсалысты. Әскери қызметшілер бөлінген материалдар мен қажетті құралдарды пайдаланып, жұмысты бірлесіп орындады.

Бірігіп атқарылған еңбек бөлімшенің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға үлес қосып, жеке құрамның ұйымшылдығы мен жауапкершілігін көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз