Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Азамат Қанайбекұлы Бейсбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Қанайбекұлы БЕЙСБАЕВ

1986 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін  құқықтану, су ресурстары және суды пайдалану, құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Солтүстіксушар» АМК-нің жетекші инженер-гидротехнигі болып бастады.

Әр жылдарда Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инспекторы,  бас маманы, бөлім басшысы, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болды.

2024 жылдың мамыр айынан бері Жетісу облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз