Талдықорғанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай  «Ата Заңым-айбыным!» атты дөңгелек үстел өтті. Маңызы зор басқосуды Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Достық үйіндегі Қоғамдық келісім  орталығы ұйымдастырған.

Іс шараға Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері,  кәсіби медиаторлар, әскери қызметкерлер қатысты.

 «Ата Заң Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституция  – біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Бүгінде Жетісудың киелі өлкесінде 105 этнос өкілдері тұрады. Осының бәрі Тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен келісімнің негізі»  –дейді облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы  Алтын Жамбылқызы.

Жиын соңында жасөспірімдерге жеке куәліктер табыс етіліп,  облыстық Ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ҚХА жанындағы құрылымдардың бірқатар белсенділері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK