ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Үйгентас» шекара бөлімшесінің топ бастығы, кіші сержант Ерзат Жанымханов шекара қызметінде көп жылдан бері еңбек етіп келеді.
Үш жылдан астам уақыттан бері «Үйгентас» шекара бөлімшесінде қызмет атқарып, жинаған тәжірибесін жас әскери қызметшілермен бөліседі. Бүгінде топ бастығы ретінде жеке құрамның қызметін ұйымдастырып, қойылған міндеттердің орындалуына жауап береді.
Кіші сержант Ерзат Жанымханов үшін әскери қызмет – Отан алдындағы жауапты міндет. Оның көп жылғы қызметі тәртіпке, еңбекке және өз ісіне адалдыққа негізделген.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























