ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Үйгентас» шекара бөлімшесінің старшинасы ефрейтор Олжас Тасыбек әскери қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып келеді.
Жұбайы Аружан Масақбаева да осы бөлімшеде санитар нұсқаушы болып қызмет атқарады. Ерлі-зайыптылардың бір бөлімшеде еңбек етуі өзара түсіністік пен қолдауды нығайта түскен. Отбасында өсіп келе жатқан ұлдары Мади үшін ата-анасының елге қызметі Отанға деген құрметтің үлгісіне айналуда.
Ефрейтор Олжас Тасыбек үшін шекарадағы қызмет пен отбасы – өмірінің қос тірегі. Мемлекеттік шекараны күзетіп жүрген әскери қызметші шаңырағында да жауапкершілігі мен әкелік міндетін абыроймен атқарып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























