Сарыбөктерліктер сергек қызметте

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Сарыбөктер» шекара бөлімшесі шалғай таулы учаскеде мемлекеттік шекараны күзетіп келеді. Таулы жер бедері шекарашылардан жоғары кәсіби даярлық пен төзімділікті талап етеді.

Бөлімшені капитан Абдыхан Серікбай басқарады. Тәжірибелі офицер шекара күзетін тиімді ұйымдастырып, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстауға баса мән береді.

Бүгінде «Сарыбөктер» шекарашылары бірнеше буын қалыптастырған жауынгерлік дәстүрді жалғастырып, ел шебін тәулік бойы қырағылықпен күзетіп келеді. Шалғай таудағы әрбір кезекшілік – Отан алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз