Ескелді ауданына қарасты Жалғызағаш ауылындағы №109 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауға «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Бектеновтер отбасы қатысты.
Берекелі де ұйымшыл отбасы сайлау учаскесіне толық құрамда келді. Отбасының онға жуық мүшесі өз таңдауын жасап, әр азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңыздылығын көрсетті.
Бектеновтер отбасы үшін сайлауға қатысу – отбасылық дәстүр әрі азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.





























