Қазақстанның атынан халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген танымал жас боксшы Мария Сидоренко бүгін №134 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы — жастар арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, бокстан Азия чемпионы, халықаралық жарыстар мен әлем кубогының жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Жас спортшының айтуынша, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы маңызды. Спортта ел намысын қорғап жүрген жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы да — кейінгі буынға үлгі.

Сондай-ақ Қаратал ауданының «Барысы» атанған, «Жетісу Барысы – 2026» облыстық турнирінің ІІІ орын иегері Абзалбек Асанәлі де спорттағы әріптестерімен бірге Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Ел болашағы мен қоғамның дамуына қатысты маңызды шешімдерге үн қосу — әр азаматтың жауапкершілігі. Спортта биіктен көрініп жүрген жастардың сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдіруі — елжандылықтың жарқын көрінісі.





























