Қарт ана – елдің қазынасы

1

Қаратал ауданының 90 жастағы тұрғыны Шәмшиа Жаксыбаева №136 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, ақ жаулықты ана бұл күні кенже ұлы, келіндері мен немерелерін ерте келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.

Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін жас ұрпаққа үлгі етіп отырған қарт анамыздың өнегесі – көпке үлгі.

Еліміздің ертеңіне алаңдап, ұрпағының жарқын болашағын тілейтін ардақты қарттарымыз аман болсын! Баталары мен ақ тілектері елді әрдайым жақсылыққа бастасын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз