Шекарашының тірегі – шаңырағы

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Лепсі» шекара бөлімшесінің топ бастығы, кіші сержант Дәурен Әуелхан әскери қызмет жолын «Жас Ұлан» мектебінен бастап, бүгінде тәжірибелі шекарашы ретінде қызмет атқарып келеді. Кәсіби шеберлігі үшін «Үздік ізші – із кесуші» және «Үздік аға шекара наряды» номинацияларымен марапатталған.

Шекарадағы жауапты қызметінде Дәуренге жұбайы Мерей Дулатқызының қолдауы ерекше демеу. Ұзақ кезекшілік пен қызметтік тапсырмаларға түсіністікпен қарайтын жары отбасының берекесін сақтап, шекарашының алаңсыз қызмет етуіне жағдай жасап келеді.

Бүгінде ерлі-зайыптылар ұлдары Әмірді тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Шекарашы үшін шаңырақтың амандығы мен отбасының сенімі – қызметтегі ең үлкен тірек.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз