Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
Құрылтай – елдің стратегиялық маңызы бар мәселелері жан-жақты әрі ашық талқыланатын, қоғамдық пікір мен сарапшылардың көзқарасы тоғысатын маңызды диалог алаңы. Мұнда мемлекет дамуына қатысты өзекті бастамалар көтеріліп, түрлі пікірлер сараланып, ортақ ұстанымдар қалыптасады. Құрылтайдың басты ерекшелігі – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау және елдің орнықты дамуына бағытталған тың бастамалар мен сындарлы ұсыныстардың жүзеге асуына жол ашу.
Таңшолпан Қанатқызы, қала тұрғыны



























