Ел дамуының маңызды бағдары

4

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да ел болашағы үшін аса маңызды мәселелерге тоқталып, ең басты құндылық адам және оның әл-ауқаты екенін ерекше атап өтті.

Шын мәнінде, кез келген мемлекеттің басты байлығы – оның халқы. Сондықтан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың табысын көбейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамның өркендеуі, ең алдымен, халықтың тұрмыс деңгейімен, білім алуына, сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне және қауіпсіз ортада өмір сүруіне жасалған жағдайлармен өлшенеді. Сонымен қатар Жолдауда инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану және Ұлттық қор қаражатының ел игілігіне жұмсалуына қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Бұл бағыттар еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жол-көлік жүйесін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту мәселелері халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің және жалпы қоғамның бірлескен жұмысына байланысты. Әрбір тапсырманың орындалу барысын бақылау, ашықтықты қамтамасыз ету және халық алдындағы жауапкершілікті күшейту – алға қойылған мақсаттарға жетудің маңызды шарттары.

Ілияс Сағымбеков, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз