ҚАЛАДАҒЫ ЖОЛДАРДАН 165 СЫНАМА АЛЫНДЫ

4

Жадырап жаз шыққалы Талдықорған қаласында жол құрылысы қарқын алғаны белгілі. Әсіресе, жаңадан бой көтерген «3-ші бөлімше» және «Жастар -2» ықшам аудандарындағы және Еркін ауылындағы көшелерге асфальт төселіп, тұрғындардың барыс-келісі жеңілдеді. Өмір сапасының жақсаруына тікелей ықпал ететін құрылыстың талапқа сай болуын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық фиалының қызметкерлері тұрақты түрде бақылап отырады. Мекеме мамандары биыл 57 рет кешенді инспекциялық тексеріс жүргізіп,  қала ішіндегі жолдардың сапасын анықтау мақсатында 165 сынама алды. Нақтырақ айтқанда күрделі жөндеу жасалған жолдардан 67, ал, орташа жөндеуден өткен көшелерден 98 құрылыс материалы алынып,  зертханалық талдау жасалды.  Сонымен қатар асфальт төсеу жұмыстарын қадағалау және техникалық бақылау барысында жол құрылысы технологиясының бұзылуына байланысты 18 ақау мен бірқатар кемшіліктер тіркелді. Орын алған олқылықтар бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға және жұмысқа жауапты мердігер ұйымдарға жіберілді. Сондай-ақ, ескертулерді жою және тиісті шараларды қабылдау үшін ресми хат жолданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз