Жетісу облысында 2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7%-ды құрады. Экономикалық өсімде негізгі үлес өнеркәсіп, көлік және қоймалау, байланыс қызметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл динамика 2025 жылы аяқталған республикалық ірі инфрақұрылымдық жобалардың, яғни «Достық-Мойынты» теміржолының, «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры мен Достық өткізу пунктінің құрылысы, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» және «Сарыөзек-Қорғас» жолдарын жөндеу жұмыстарының аяқталуы әсерінен, яғни жоғары базаның арқасында қалыптасты. Нақтыланған жоспарға сәйкес жыл соңына дейін бұл индикаторларды орындауға толық мүмкіндік бар.
Бүгінде облыста жалпы сомасы 129 млрд теңгеге 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың ішінде ірілерін атап өтсек, Ақсу, Көксу қант зауыттарын жаңғыртудың нәтижесінде олардың өндірістік қуатты жылына 950 мың тоннаға дейін ұлғайтылады, қуаты жылына 20 мың тонна арматура өндіретін «Steelers» зауыты және кофе-шай сусындарын шығаратын MacCoffee зауыттары іске қосылады.
Жыл соңына дейін Көксу және Қора өзеніндегі бірқатар су электр станциялары, «Қойлық» ГЭС-і және Талдықорған, Текелі қалаларында жалпы қуаты 137 МВт / 118 Гкал/сағ болатын газтурбиналық станциялар кезең-кезеңімен іске қосылады.
Бұдан бөлек, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын қоса алғанда, ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылады. Күзде қуаты 49 Гкал/сағ қазандықтың және Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын үй ауданындағы жылу желілерінің құрылысы аяқталады. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 84 елді мекенінде газ тарату желілерін тарту жұмыстары басталады. Бұдан басқа, «Алтынкөл – Жетіген» темір жол учаскесін және «Алматы – Талдықорған» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталады.
Туризмді дамыту мақсатында Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар кешені іске асырылуда, оның ішінде жағалауды нығайту бөгеттері мен кәріз тазарту қондырғыларының (КОС) құрылысы бар.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды (фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев)





























