ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Арасан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Биыл бөлімшенің қызмет көрсету учаскесінде шекара режимін бұзған ондаған азамат анықталып, заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл – шекара нарядтарының қырағылығы мен әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының нәтижесі.
Бөлімше бастығы, аға лейтенант Рамазан Қадирханов жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін арттыруға және мемлекеттік шекараны сенімді күзетуді ұйымдастыруға баса назар аударып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























