Жетісулық құтқарушылар өртке қауіпті кезеңде күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Өрт қауіпі күшейген кезеңнің басталуына байланысты Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтілген режимде жүргізуде. Құтқарушылар әрбір азаматты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады, яғни өзіңіздің, жақындарыңыздың және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз.

Ірі өрттердің алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде.

Қазіргі профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алу. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, бір сәттік салғырттықтың экологияға да, азаматтардың жеке мүлкіне де орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін ескертуде.

Ведомство қызметкерлері жетісулықтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, мынадай ережелерді естен шығармауды ескертеді:

— Қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге қатаң тыйым салынады.
— Кәуап әзірлеу кезінде және ашық отты пайдаланғанда ерекше сақтық таныту қажет.
— Толық сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкені жерге тастауға болмайды.
— Арнайы белгіленбеген орындарда от жағуға қатаң тыйым салынады.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық рейдтер өңірдің табиғатын сақтауға ғана емес, ең бастысы – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Отпен жұмыс істеу кезінде жауапкершілік таныту – қайғылы оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Құтқарушылар әрбір азаматты қырағылық танытуға шақырады. Өз қауіпсіздігіңізге, жақындарыңыздың амандығына және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қараңыз. Өңірдің қауіпсіздігі әр тұрғынның жеке жауапкершілігінен басталатынын ұмытпаңыз.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз