Панфилов ауданында профилактикалық кездесу өтті

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында лауазымды тұлғалардың қатысуымен жеке құраммен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері түсіндірілді.

Кездесу жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз