Серіктестік өкілдері «Әділет» партиясын қолдайды

2

Бүгін «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әнел Кәпекова және Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Азия-электрик» серіктестігінің еңбек ұжымымен жүздесті.

Кездесуде спикерлер өңірді дамытудың 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, білім беру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, әлеуметтік қолдау және қаржы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Әнел Кәпекова айтуынша, партия өңірде коммуналдық инфрақұрылым бойынша 21,5 шақырым электр желісін, 20 шақырым жылумен жабдықтау желісін және 198,7 шақырым су құбыры желісін реконструкциялау жоспарлаған.
– «Әділет» партиясының жоспарына сай электр желілерінің тозуы 78,5 пайыздан 71,7 пайызға, жылу желілерінің тозуы 45 пайыздан 40 пайызға дейін төмендетіледі», — деді спикер.

Жиында еңбек ұжымы партия өкілдеріне толғандырған сауалдарын жолдап, саяси ұйымның дамуға бастайтын бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз