Алакөл ауданында мемлекеттік тілді меңгерген әскери қызметшілерге сертификаттар табысталды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының А1, А2 және В1 деңгейлері бойынша оқу курстарын аяқтаған жеке құрамға сертификаттар табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сәтті растаған әскери қызметшілерге тиісті сертификаттар салтанатты түрде тапсырылды.

Шара әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға және кәсіби қызметте қазақ тілін кеңінен қолдануды ынталандыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз