ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсіби дайындық пен жауапкершілік танытқан әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтары табыс етілді.
Салтанатты рәсім әскери қызметшілерді жаңа жетістіктерге ынталандырып, Отан алдындағы қызметін абыроймен атқаруға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























