Шекарашыларға мемлекеттік тіл курсын аяқтағаны туралы сертификат табысталды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамынан Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының оқытушылары Қырмызы Барат пен Балауса Жеңіс 2026 оқу жылының қорытынды емтиханы қабылданды.

Емтихан қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілді оқыту» курсының В2 (ортадан жоғары) деңгейін сәтті аяқтаған әскери қызметшілерге сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Іс-шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға және әскери қызметшілердің кәсіби тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз