ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында лауазымды тұлғалардың қатысуымен жеке құраммен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері түсіндірілді.
Кездесу жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























