Жетістіктер мекені

357

Тәуелсіздік алып, Республикамыз құрылған жылдардан бері-мемлекетіміз алға қарай даму жолында Еліміздің экономикасы, өнеркәсіп, туризм, білім, мәдениет, спорт т.б салаларында жақсы мақтанарлық жетістіктер баршылық.

Білім  саласында да елеулі өзгерістер болып жатыр. Ұстаздар туралы заң қабылданып, олардың мәртебесі көтеріліп, біршама мәселелер шешілді, айта кетсек жалақылары көтерілді, жұмыс күндері реттеліп, қағазбастылыққа салынбай, педагогтардың шеберліктерін арттыру жолдары анықталып, оқушыларға тиянақты терең білім беруге бағытталған шаралар қарастырылды.

Қазіргі кезде еліміздегі мектептер санын көбейту, оқушыларды қажетті мамандықтарға баулу, кәсіби білімді  қолжетімді, ақысыз беру, жоғарғы оқу орындарына қабылдануда әділеттілік пен ашықтық болуын қамтамасыз ету. Осының барлығы-біз үшін, біздің болашақ ұрпақ үшін жасалуда.

 

Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, облыстық  кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары Болат Тұрысбеков

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз