Ермек Кенжеханұлы Жетісу облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен, сондай-ақ шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғаныс шараларымен танысты.

Сапар барысында вице-министр Қонаев қаласы мен Жетісу облысының шекаралас аумақтарында шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының сапасына айрықна көңіл бөлді.
Қазіргі уақытта өңірлерде қорғаныс шаралары 13 мың гектар аумақта жүргізілді.

Жетісу облысындағы алғашқы нысан Кербұлақ ауданындағы Жоламан алқабы болды. Мұнда «АгроХолдинг Жетісу» серіктестігі заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ірі жобаны қолға алуда. Жобаның құны 4,7 млрд теңге, 1,4 мың гектар аумақты қамтиды. Жоба мал азықтық және дәнді дақылдардың өнімділігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін жоғары тиімді суару жүйесін құруға бағытталған.

Бүгінде 1,2 мың гектар жерге егін егілді. Егіс алқаптарына жоңышқа, арпа, жүгері және күнбағыс себілген, қосымша жүгері егу жоспарланып отыр.

Көксу ауданында вице-министр Көксу қант зауытын ауқымды жаңғырту жұмыстарына назар аударды. Жобаның құны — 8 млрд теңге. Келер жылы кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна өнімге дейін ұлғайтылмақ.

Сондай-ақ Ермек Кенжеханұлы «Нам Г.Н.» алдыңғы қатарлы шаруа қожалығының қызылша алқаптарын аралады.

Жалпы, биыл Жетісу облысындағы егіс алқабының жалпы көлемі 512 мың гектардан асады. Әртараптандыру аясында диқандар дәндік жүгері, арпа және қант қызылшасы егілетін алқап көлемін ұлғайтты. Қазіргі таңда жаздық дақылдарды көктемгі егу жұмыстары 94,6%-ға орындалды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Кенжеханұлы жауапты мамандарға көктемгі дала жұмыстарын барлық агротехнологиялық талаптарды сақтай отырып, сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми-интернет ресурсы

Ермек Кенжеханұлы Жетісу және Алматы облыстарындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз