«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында балалар сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай шекарашылардың балалары арасында ұйымдастырылған сурет байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Іс-шара барысында қатысушылардың шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылып, үздік деп танылған балаларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Аталған байқау жас буынның патриоттық рухын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және тарихи мерекелердің маңызын насихаттауға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз