ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Алтынкөл» (теміржолдық) және ШЫХО «Қорғас» шекаралық бақылау бөлімдерінің әскери қызметшілері Жаркент қаласындағы Жайлы орта мектебінде өткен «Рухы биік еліміздің жас ұрпағы» тақырыбындағы оқу семинарына қатысты.
Іс-шараға Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері мен облыс бойынша алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу тәжірибе алмасу мен әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























