«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде жасыл желектерді жүйелі түрде жыл сайын отырғызу арқылы облыс елді мекендерін көгалдандыруды кеңейтіп, жыл сайын кемінде 75,1 мың көшет отырғызуға атсалысады. Нәтижесінде 2027–2031 жылдары отырғызылған көшеттердің жалпы саны кемінде 375,5 мыңға жетеді. Өңірдің дамуын сайлауалды бағдарламасында жан-жақты жоспарлаған «Әділет» партиясының өкілдері кезекті үгіт-насихат жұмыстарымен «BBC» банк бөлімшесінде болды. Бұл жолы Жетісу облыстық мәслихатының кандидаты Римма Салықова мен Диас Инкибаев саяси ұйымның мақсат-міндеттерін таразылады.
Жиында мінберге көтерілген Диас Инкибаевтың сөзіне сенсек, сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты – облыстың әрбір тұрғыны үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастырып, қала мен ауыл арасындағы даму мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігі де басты нысанада.
– Қауіпсіздік – әрбір азаматтың басты қажеттілігі. Тұрғындар өз ауласында, көшесінде, қоғамдық орындарда және жолда өзін қауіпсіз сезінуі керек. Осыған байланысты сайлауалды бағдарламада қоғамдық орындардағы бейнебақылау жүйелерін дамыту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру көзделген, — деді спикер.
Ал, Римма Салықова партияның өңірде кәсіпкерлікті ілгерілету бастамасын таразылады.
– Шағын бизнес көшелер мен ауылдардың экономикасын жандандырады, ал мықты орта бизнес тұрақты өңірлік еңбек нарығын қалыптастырады. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейтіп, жаңа өндірістер ашуға және халық табысын арттыруға жағдай жасаймыз. Жалпы өңірлік өнімдегі орта бизнестің үлесін 3,3%-дан 4,0%-ға дейін арттырамыз. Кәсіпкерлердің 200-ден астам жобасына мемлекеттік қолдау көрсетеміз, — деді кандидат.
Жиын соңында банк өкілдері партия басымдықтарына разылығын жеткізіп, алдағы саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтынын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.




























