Жетісу облысында биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында 2034 азаматқа жалпы сомасы 296 млн. теңге болатын бір реттік материалдық көмек беріледі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні өңірде 1 соғыс ардагері бар. Ол — Құсайынов Ысқақ Әбілпейісұлы. Оған 5 млн. теңге көлемінде төлем беріледі.
Сол сияқты «Ардагерлер туралы» Заңға сәйкес басқа да 8 санаттағы ардагерлерге 112,4 мың теңгеден 216,2 мың теңгеге дейінгі сомада бір реттік материалдық көмек беріледі.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.




























