«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

4

Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Jetisu jastary» КММ-нің бастамасымен Талдықорған қаласындағы «Жеңіс» саябағында белсенді студенттердің қатысуымен экологиялық сенбілік өтті.

 

Аталған іс-шара жастарды табиғатты қорғауға тарту, экологиялық әдеттерді қалыптастыру және қалдықтарды азайтуға бағытталған ақпараттық-тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталды.

Экологиялық сенбілік барысында қатысушылар:

– саябақ аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалады;

– қалдықтарды сұрыптау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді;

– қоршаған ортаны қорғау тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.

Сенбілікке қатысушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалардың тұрақты түрде ұйымдастырылуының маңыздылығына тоқталды.

Аталған бастама жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, олардың әлеуметтік белсенділігін күшейтуге және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы қоғамдық жұмыстарға кеңінен тартуға бағытталған тиімді алаң ретінде өз нәтижесін көрсетті.

«Jetisu Jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз