Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған байқау

210

Талдықорған индустриялық колледжінде  «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру аясында және Тіл айлығы аясында мемлекеттік тілді құрметтеу,  қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақты қазақ тілі мәртебесін көтеру, тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін,  көшбасшылық қасиеттерін және тілдік белсенділіктерін дамыту, тәрбиелеу мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы және Әділетті Қазақстан мұраты» атты қалалық  байқау өткізілді.

 Байқау 3 кезеңнен тұрды.  «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» (презентация қорғау), 2 кезең – Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны, шығармашылығы (тест),   соңғысы – Ахмет Байтұрсынұлы шығармасынан үзінді мәнерлеп оқу.  Қала колледждерінен 18  білімгерлер белсенді қатысты.

Байқау нәтижесінде І орынды  Кадирова Малика  Қадирова (Zhansugurov college), Еркежан Қайыржанқызы  (Талдықорған жоғары медициналық колледжі), ал 2 орындарды  Аружан Қасым  (Талдықорған жоғары политехникалық колледжі), Таңшолпан Айтбек  («Талдықорған қаласының инновация колледжі»),  ал 3 орынды  Ақмаржан Утегенова  («Жетісу Құрылыс техникалық колледжі»),  Аружан Жұмағұл    (Талдықорған аграрлық-технологиялық  колледжі) иеленді. Сондай-ақ, 6 қатысушы ынталандыру  сыйлықтарымен марапатталды. Колледж директоры Әсет Жұмәділов пен Сандуғаш  Рысбаева байқау жүлдегерлерін құттықтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз