Талдықорған қаласында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «Интеграл» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға өңірлік коалиция филиалының мүшелері Римма Салыкова мен Қайрат Кереев қатысып, жобадағы маңызды өзгерістер, азаматтардың құқықтары және мемлекет-қоғам қатынастарындағы жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.
⤵️Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев қатысып, қызметкерлермен ашық диалог ұйымдастырды. Қатысушылар реформаларға қатысты өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
«Ата Заң – мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат. Қазіргі кезеңдегі өзгерістер заманауи талаптарға сай жүзеге асырылып жатыр» — дейді ол Руслан Қожасбаев.
✅Өндіріс қызметкерлері пікір алмасуға белсенді қатысып, сұрақтарын қойды. Қоғамға мәнді шешімдерге қатысты көзқарастар ашық түрде талқыланды.





























